Жамбурчинова Айнагуль Нурахметовна
Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы
МӘМС-те стоматологиялық көмекті барлық азаматтар пайдалана алмайды. Халықтың неғұрлым осал топтарының санаттары Денсаулық сақтау министрінің № 106 бұйрығында бекітілген.
Шұғыл стоматологиялық көмек алуға болады:
1. 18 жасқа дейінгі балалар;
2. Жүкті әйелдер;
3. Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
4. 1, 2, 3 топтағы мүгедектер;
5. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар;
6. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
7. Жасы бойынша зейнеткерлер;
8. Жұқпалы, әлеуметтік маңызы бар аурулармен және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыратын науқастар;
9. Мүгедек баланы күтуді жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;
10. Бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдар.
Жоспарлы стоматологиялық көмек алуға болады:
1. 18 жасқа дейінгі балалар;
2. Жүкті әйелдер.
Пациенттер шұғыл стоматологиялық көмекті учаскелік дәрігердің жолдамасынсыз ала алады. Міндетті шарт-стоматологиялық клиниканың ӘМСҚ жеткізушілерінің дерекқорына болуы керек.
Сақтандыру мәртебесін келесі жолдармен тексеруге болады:
• Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
• fms.kz ресми сайты
• Telegram-дағы @SaqtandyrýBot
• 1414 байланыс орталығы
• Damumed мобильді қосымшасы
• Halyk мобильді қосымшасы
• BCC.KZ мобильді қосымшасы
• Kaspi.kz мобильді қосымшасы
• egov.kz электрондық үкімет сайты