Жамбурчинова Айнагуль Нурахметовна
Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы
14.09.23ж. №15 Қалалық емханада қызметкерлер үшін өзекті тақырыптар бойынша "Тұмау, ЖРВИ, Covid-19, ересектер мен жүкті әйелдердегі емдеу - диагностикалық тактика. Қызылша, балалардағы емдеу-диагностикалық тактика" семинар өтті. Спикер ретінде медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ДСМ бас инфекционисті, КП әзірлеушілер тобының жетекшісі Көшерова Бақыт Нұрғалиқызы сөз сөйледі.
Спикер вакцинацияның маңыздылығын атап өтті. Вакциналар қазіргі медицинадағы ең маңызды жетістіктердің бірі болып табылады және вакциналардың арқасында бүкіл әлемде вакцинамен басқарылатын инфекциялардан болатын ауру мен өлім-жітім азайды!
Сіз коронавирустық инфекцияға, тұмауға, қызылшаға қарсы екпелерді №15 Қалалық емханада, Р.Қошқарбаев даңғылы, 64 мекенжайындағы 130 және 135 кабинетте тегін ала аласыз, тіркеу орнының телефоны 87172266414, аға тіркеуші 87056164552.