Жамбурчинова Айнагуль Нурахметовна
Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы
Мүмкіндігінше, қанды ашқарынға (8 сағаттан кем емес және 14 сағаттан аспайтын уақыт ішінде аш болу, сусын – су, қалыпты тәртіпте) таңғы 8 бен 10 сағат аралығында тапсырған жөн, тапсырыс алдында шамадан тыс тамақтанбау.
Егер сіз кейбір дәрілік препараттарды қабылдап жүрсеңіз дәрігермен препараттарды қабылдау негізіндегі зерттеулерді жүргізудің жөнділігін, немесе зерттеу алдындағы препараттарды қабылдауды тоқтату жөнінде дәрігерден кеңес алу жөн.
Алкоголь – зерттеу алдында алкогольді ішуден бас тарту қажет.
Шылым шегу – зерттеу алдында кем дегенде 1 сағат шылым шекпеу.
Зерттеу қарсаңында физикалық және эмоционалды күйзелістерге шалдықпау.
Емханаға келгеннен кейін, қан үлгісін алу алдында 10-20 минут демалған жөн.
Зертханалық зерттеулерге арналған қанды физиотерапевтикалық емшаралардан және басқа да медициналық тексерулерден кейін тапсырмаған жөн.
Зертханалық көрсеткіштерді динамикадағы бақылаулар барысында қайта зерттеулерді бірдей жағдайда өткізген жөн: бір зертханада, қанды бір тәулік мерзімінде тапсыру және т.б.