Жамбурчинова Айнагуль Нурахметовна
Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы
Шомылу маусымы кезінде ішек инфекцияларының және басқа да жұқпалы ауруларды алдын-алу бойынша сақтық шараларын уақтылы қабылдау өзекті мәселе болып табылады.
Осыған сүйене отырып, сау және жақсы демалу үшін келесі қарапайым ережелерді сақтауды ұсынамыз:
1) Ашық су айдындарының суы ішуге жарамсыз, сондықтан мұндай сумен жемістерді, көкөністерді, ыдыстарды жуу ұсынылмайды;
2) Су ішу үшін бөтелкедегі суды пайдаланыңыз;
3) Жаңа піскен азық-түлік өнімдерін пайдаланыңыз, сақтауға, азық-түлік сатып алу кезінде жарамдылық мерзіміне және сақтау шарттарына назар аударыңыз;
4) Егер Сізде тоңазытқыш сөмкесі болмаса, тез бұзылатын өнімдерді, атап айтқанда сүт, сүзбе, йогурт, пісірілген шұжық өнімдерін өзіңізбен алмаңыз;
5) Күн сәулесінде ұзақ уақыт болмаңыз, күннен қорғайтын кремдерді қолданыңыз;
6) Күн астында демалу кезінде көбірек сұйықтық ішіңіз, бірақ құрамында қант бар газдалған сусындарын тұтынбаңыз.
Есіңізде болсын салауатты және жайлы демалыстың өтуі Өзіңізге байланысты. Сізге денсаулығыңызға зиян келтірмейтін жақсы демалуды тілейміз!