Қош келдіңіздер

«Астана қаласы әкімдігінің «№15 қалалық емхана» ШЖҚ МКК

Сіздерді Астана қаласының медициналық мекемесі - "№15 қалалық емхана" сайтында қарсы алуға қуаныштымыз!

Есіңізде болсын! Денсаулық-бұл Сіздің әл-ауқатыңыздың негізі! Жоғары білікті мамандар денсаулығыңызды жақсарту үшін, оны нығайтуға әрқашан дайын!
image

Бас дәрігердің блогы

Өту

Директор

Жамбурчинова Айнагуль Нурахметовна

image

ТМККК

Өту

ТМККК

Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі

image

МӘМС

Өту

МӘМС

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

image

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Өту

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы

image Сілтемеден өту

Дәрігерлердің жұмыс істеу уақыты

image Сілтемеден өту

Қызмет көрсету аумағы

image Сілтемеден өту

Профилактикалық және әлеуметтік-психологиялық қорғау бөлімшесі

image Сілтемеден өту

Рубрика - Бұл қызықты!

 

Сібір жарасы

Сібір жарасы – аса қауіпті жұқпалы ауру. Ауру адамға ауру жануарлардан беріледі. Олардың ішіндегі ауруға ең сезімталы – ұсақ және ірі қара малдар, түйелер, жылқылар және басқа да шөпқоректілер болып келеді.

Қазіргі уақытта сібір жарасының пайда болу факторларының бірі – күннің қатты ысып кетуі, табиғи азықтың жетіспеушілігі, жануарларды тыйым салынған жерлерде жаю болуы мүмкін. Жануарлар сібір жарасы спораларын шөптермен және өсімдік тамырларымен бірге топырақты жеу арқылы жұқтыруы мүмкін. Адам өз кезегінде – ауру жануарларға күтім жасағанда, оны сойғанда, тұтас етін бөлшектегенде, мәйіттерді көмгенде, мал шаруашылығы өнімдерімен байланыста болған кезде жұқтыруы мүмкін.

 

Сібір жарасының тері түрінің инкубациялық кезеңі 2 күннен 14 күнге дейін созылады. Бастапқыда жарақат орнында қызыл дақ пайда болады, ол тері деңгейінен жоғары көтеріледі. Біраз уақыттан кейін жара қатты қышып және жарақат айналасының қызуы пайда болады. Жараның айналасында терінің ісінуі мен қызаруы байқалады. Негізгі белгілері – ойық жара аймағында сезімталдықтың төмендеуі немесе толық болмауы. Науқастың дене қызуының 39-40 градусқа дейін көтерілуі, жалпы әлсіздік, қатты бас ауруы және бас айналуы. Дәрігерге уақтылы жүгініп және арнайы ем қабылдаған жағдайда науқас толық емделіп шығады.

Сібір жарасының негізгі алдын алу ережелері:

1. Сібір жарасының топырақты ошақтарында мал жаюға, ауру жануарларды жасырын союға және олардың өнімдерін сатуға тыйым салу. Мал сою тек ветеринарлық дәрігерінің рұқсатымен жүргізілуі тиіс.

2. Мал өнімдерін тек ветеринарлық тексеруден өтетін арнайы базарлардан немесе дүкендерден сатып алу.

3. Сүт және ет өнімдерін белгіленбеген сауда орындарынан немесе кездейсоқ адамдардан сатып алмаған жөн.

4. Малмен айналысу кезінде гигиена ережелерін сақтау, арнайы киім мен қорғаныс құралдарын қолдану қажет.

5. Егер алғашқы күдікті белгілер пайда болған жағдайда, дер кезінде дәрігерге хабарласу қажет.

6. Жануарларға және халықтың тәуекел тобындағы адамдарға профилактикалық егу жұмыстарын жүргізу қажет.

 

Соңғы жаңалықтар

image Сілтемеден өту

Өз емханаңды табу

Сілтемеден өту
image Сілтемеден өту

Медициналық ұйымға тіркелу

Сілтемеден өту
image Сілтемеден өту

Дәрігерге жазылу

Сілтемеден өту
image Сілтемеден өту

Дәрігерді үйге шақыру

Сілтемеден өту
 
01.png02.png04.png05.png06.png