Қош келдіңіздер

«Астана қаласы әкімдігінің «№15 қалалық емхана» ШЖҚ МКК

Сіздерді Астана қаласының медициналық мекемесі - "№15 қалалық емхана" сайтында қарсы алуға қуаныштымыз!

Есіңізде болсын! Денсаулық-бұл Сіздің әл-ауқатыңыздың негізі! Жоғары білікті мамандар денсаулығыңызды жақсарту үшін, оны нығайтуға әрқашан дайын!
image

Бас дәрігердің блогы

Өту

Директор

Жамбурчинова Айнагуль Нурахметовна

image

ТМККК

Өту

ТМККК

Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі

image

МӘМС

Өту

МӘМС

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

image

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Өту

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы

image Сілтемеден өту

Дәрігерлердің жұмыс істеу уақыты

image Сілтемеден өту

Қызмет көрсету аумағы

image Сілтемеден өту

Профилактикалық және әлеуметтік-психологиялық қорғау бөлімшесі

image Сілтемеден өту

Рубрика - Бұл қызықты!

 

Дене белсенділігінің пайдасы қандай?

Достар, дене белсенділігінің жақсы көңіл-күй мен толыққанды жайлы өмірдің кепілі екені құпия емес. Дене шынықтыруды бастауға ешқашан кеш болмайды.

ДДҰ ересектерге де, балаларға да қалыпты дене жүктемесін ұстануға кеңес береді. Осылайша өзіңіздің өміріңізді ұзартып қана қоймай, аурудың пайда болу қаупін азайтасыз.

Денсаулықты жақсартуға емдеуші дәрігердің ұсыныстарына байланысты орташа және қарқынды дене белсенділік ықпал етеді.

Мысалы, 5-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер орташа қарқындылықтан жоғары қарқындылыққа дейін дене белсенділігіне күніне кемінде 60 минут бөлуі керек. Сондай-ақ, қаңқа-бұлшықет жүйесін дамытуға бағытталған жаттығуларды аптасына кемінде үш рет жасау керек.

 

18-64 жас аралығындағы ересектерге аптасына кемінде 150 минут орташа дене белсенділігімен немесе аптасына кемінде 75 минут жоғары қарқынды дене белсенділігімен айналысу немесе орташа және жоғары қарқынды дене белсенділігіне ұқсас жүктемеге уақыт бөлу ұсынылады.

Аптасына кемінде 150 минут физикалық белсенділік 65 жастағы және одан асқан ересектерге ұсынылады. Бұл жағдайда олар тепе-теңдікті жақсартуға және құлау қаупін болдырмауға бағытталған физикалық белсенділікпен аптасына үш рет немесе одан да көп айналысқан жөн.

Дене белсенділігінің пайдасы қандай?

Дене белсенділігі жалпы холестеринді төмендетеді және атеросклерозға байланысты аурулардың даму қаупін азайтады, дене салмағының төмендеуіне ықпал етеді және семіздіктің дамуына жол бермейді, тромб түзілу қаупін азайтады, жалпы хал-жағдайды, көңіл-күйді жақсартып, стресс пен депрессияға төзімділікті арттырады.

Сонымен қатар, дене шынықтыру остеопороздың және сүйектердің сынуының алдын алады, қаңқа-бұлшықет жүйесі ауруларының қаупін азайтады, жүрек-тамыр жүйесі ауруларының, әртүрлі қатерлі ісіктердің, қант диабетінің, бронх демікпесінің қаупін азайтады.

Күнделікті өмірге дене жүктемесін енгізу туралы шешім қабылдамас бұрын, дәрігермен кеңесіп барып, ұсынылған тексерулер мен қорытындылардан кейін ғана әрекетке кірісу керек екенін тағы бір рет атап айтамыз.

Деніңіз сау болсын!

 

Соңғы жаңалықтар

image Сілтемеден өту

Өз емханаңды табу

Сілтемеден өту
image Сілтемеден өту

Медициналық ұйымға тіркелу

Сілтемеден өту
image Сілтемеден өту

Дәрігерге жазылу

Сілтемеден өту
image Сілтемеден өту

Дәрігерді үйге шақыру

Сілтемеден өту
 
01.png02.png04.png05.png06.png