Жамбурчинова Айнагуль Нурахметовна
Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы
Артериялық гипертензия: хал-жағдайыңызды қалай бақылауда ұстауға болады?
Артериялық гипертензия — жүрек-қантамырлары патологиясының дамуына әкелетін қазіргі кездегі ең көп таралған аурулардың бірі.
Артериялық гипертензияның даму қаупін арттыратын белгілі бір факторларды қарастырайық.
Қан қысымының жоғарылауы көбінесе 35 жастан асқан адамдарда жиі кездеседі, ал адамның жасы неғұрлым үлкейген сайын, оның қан қысымы соғұрлым жоғары болады. Жас ұлғайған сайын үлкен артериялардың қабырғалары қатайып, осыған байланысты қан тамырларының қан ағымына кедергі болуы артатындықтан қан қысымы жоғарылайды.
Екінші маңызды фактор - тұқым қуалауға бейімділік, онда бірінші дәрежелі туыстарда (әке, ана, ата-әжелер, туған аға-әпкелер) АГ-мен ауруы әдетте аурудың даму ықтималдығын жоғарылатады.
Одан кейін темекі шегу сияқты жаман әдеттер, темекі түтінінің компоненттері қанға сіңіп, қантамырларының тарылуын тудырады. Никотин ғана емес, сонымен қатар темекінің құрамындағы басқа заттар артерия қабырғаларының механикалық зақымдалуына ықпал етіп, сол жерде атеросклеротикалық түйіншектердің пайда болуына бейімдейді.
Бұған алкогольді шамадан тыс тұтыну, стресске бейімділікті де жатқызуға болады. Өйткені стресс гормоны адреналин жүректі соқтырып, уақыт бірлігінде көп мөлшерде қан айдайтындықтан қан қысымы көтеріледі.
Мысалы, тұзды шамадан тыс тұтыну көбінесе артериялардың тарылуына, ағзада сұйықтықтың жиналып, соның салдарынан AГ-ның дамуына әкеледі.
Артық салмағы мен атеросклерозы бар, сондай-ақ аз қимылдайтын адамдар АГ-ға бейім болғандықтан, олар қан қысымының жоғарылауына 20-50% көбірек ұшырайды.
ДӘРІГЕРЛЕР АГ-НЫ ТҰРАҚТАНДЫРУ ҮШІН НЕ ҰСЫНАДЫ?
Олар дәрігердің бақылауымен күніне 30 минуттан орташа физикалық жүктемені ұсынады. Әрі қарай ас тұзының мөлшерін күніне 5 граммға (1 шай қасық) дейін шектеу керек. Ас үлесінен сары майды, ірімшіктерді, шұжықтарды, қаймақты, шошқа майы мен қуырылған котлеттерді алып тастай отырып, қосымша көкөністер мен жемістер, өсімдік майы мен майсыз балықты қосу арқылы қайта қарау ұсынылады.