Жамбурчинова Айнагуль Нурахметовна
Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы
Бүгін елорданың денсаулық сақтау қызметіне жаңа көліктердің кілті табысталды. 4-санаттағы шұғыл шақыруларды орындау, сондай-ақ үйге шақырулар мен мобильдік бригадаларды тасымалдау үшін Астана қаласының әкімдігімен МСАК ұйымдарына 50 жаңа автокөлік сатып алынды.
«Өткен пандемия МСАК жылдамдығына ерекше қажеттілікті көрсетті, яғни науқастарға үйден қызмет көрсету, стационарларды үйде ұйымдастыру мен мобильді бригадалар, жалпы медициналық қызметкерлердің нәтижелі жұмысы үшін заманауи автокөлікпен қамтамасыз етудің маңыздылығын көрдік. Астана қаласының әкімдігі мен елордалық мәслихаттың медицина қызметкерлеріне деген қолдауы үшін алғыс білдіреміз», - деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов.
Айта кетейік, ҚР ДСМ «Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы бойынша МСАК ұйымы жанындағы ЖМЖ бөлімшесі бригадаларымен жедел медициналық көмек көрсету пациент орналасқан жерге уақтылы жеткізуді қамтамасыз ететін МСАК ұйымының медициналық көмектің мамандандырылмаған жеңіл автокөлігін пайдалануды көздейді.
Медициналық орталықтар мен жедел медициналық жәрдем станциясын жүйелі түрде жабдықтау жұмысы жүріп жатыр. Соңғы үш жыл ішінде медициналық мекемелер 3 мыңға жуық арнайы жабдықпен толық жабдықталды, 40 «үй жанындағы дәрігер» нысаны (олардың 7-еуі елді мекендерде орналасқан) ашылды, бірқатар медициналық мекемеге жөндеу жүргізілді, 4 медициналық мекеменің құрылысы бойынша тиісті жобалар іске асып жатыр. Медициналық көмектің сапасын арттыру - басты назарда.