Жамбурчинова Айнагуль Нурахметовна
Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы
Бізге жиі сұрақ қойылады: "Егер мен МӘМС жүйесінде сақтандырылмасам, бірақ менде артериялық гипертензия/ онкологиялық ауру/қант диабеті және т. б. болса, мені медициналық көмексіз қалдыру мүмкін бе?"
Біз жауап береміз: "Жоқ!". Егер сізде бір немесе бірнеше әлеуметтік маңызы бар немесе созылмалы аурулар болса, сізге осы ауруға негізделген барлық қажетті жоспарлы медициналық көмек көрсетіледі.
Егер сізде сақтандыру мәртебесі болмаса да. Бұл тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен, яғни ТМККК пакетімен қарастырылған.
Бірақ! Ол үшін Сіз тіркелген жеріңіз бойынша емханада диспансерлік есепте тұруыңыз керек.
Жағдайлардың 4 мүмкін нұсқасын қарастырыңыз:
Егер мен Д-тіркеуде тұрсам, бірақ МӘМС-те сақтандырылмаған болсам, консультациялық-диагностикалық көмекті тегін ала аламын ба?
Иә. Бірақ сіздің ауруыңыз бойынша қарастырылған көлемде ғана.
Егер мен Д-есепте тұрсам және МӘМС жүйесінде сақтандырылған болсам, мен қандай қызметтерді ала аламын?
Сіз ауруыңызға байланысты ем аласыз. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда және көрсетілімдер бойынша сіз МӘМС пакетіндегі медициналық қызметтердің кеңейтілген пакетіне, оның ішінде қымбат тұратын диагностикалық тексерулерге қол жеткізе аласыз.
Егер мен әлі тіркеуде тұрмасам және МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған болсам, тегін медициналық көмек ала аламын ба?
Диагноз расталмайынша және сізді Д-есепке алмайынша сіз жоспарлы медициналық көмекті, оның ішінде консультациялық-диагностикалық көмекті тегін ала алмайсыз. Сондай-ақ сізге диагнозды нақтылау үшін қажетті МӘМС есебінен консультациялық-диагностикалық қызметтерге жолдамалар бере алмайды.
Егер мен әлі Д-есепте тұрмасам, бірақ бұл ретте медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылған болсам?
Бұл жағдайда сіз МӘМС есебінен барлық қажетті тексерулерден өтіп, ТМККК қарастырылған өз ауруыңыздың шеңберінде ғана емес, сонымен қатар басқа аурулар мен жағдайлар бойынша кеңейтілген сақтандыру пакетінде ем ала аласыз.
Айтпақшы, әлеуметтік маңызды және созылмалы аурулардың тізімін карусельден көруге болады.