Жамбурчинова Айнагуль Нурахметовна
Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы
Туберкулез - бұл туберкулез микобактериясы тудыратын жұқпалы ауру, оны ашқан ғалымның атымен Кох таяқшасы деп те атайды. Туберкулез көбінесе өкпені зақымдайды.
Туберкулездің алғашқы белгілері:
- тез шаршау және жалпы әлсіздіктің пайда болуы;
- тәбеттің төмендеуі немесе болмауы, салмақ жоғалту;
- қатты терлеу, әсіресе таңертеңгі кезде және негізінен дененің жоғарғы жағының қатты терлеуі;
- денеге аздап күш түскенде ентігудің пайда болуы;
- кешке дене қызуының шамалы көтерілуі;
- жөтелу немесе қақырықты жөтелу (қан араласуы мүмкін);
Егер сізде осы белгілер байқалатын болса, дереу учаскелік дәрігерге қаралыңыз, ол қажетті емді тағайындайды. Өзіңізді-өзіңіз емдеумен айналыспаңыз!
Емдеу нәтижесі дәрігерге уақтылы қаралуға байланысты. Дәрігердің ұсынымдарын қатаң сақтау керек және толық емдеу курсынан өту қажет. Тексерілуден бас тарту айналадағы адамдарға ауру жұқтыруы және аурудың ауыр түріне асқынуы мүмкін екендігін ұмытпау керек, бұл жылдар бойына емделуді қажет етеді, мүгедектікпен, тіпті өліммен аяқталуы ықтимал, сол себепті уақытылы анықталған туберкулездің емделетіндігін ұмытпаған жөн. Туберкулезден емделуге болатындығын ұмытпаңыз!
Туберкулездің алдын алу!
- Флюорографиялық тексеруден үнемі өтіп тұру.
-Салауатты өмір салтын ұстану және спортпен шұғылдану.
-Дұрыс тамақтану, дәруменге бай тағамдарды жеу.
-Жеке гигиена ережелерін сақтау.
- Алкогольден, темекі шегуден, нашақорлықтан және токсикоманиядан бас тарту.
Туберкулез ауруын тегін тексереді. Егер ауру ерте анықталса, аурудан толығымен сауығады.