Жамбурчинова Айнагуль Нурахметовна
Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен сараптамалық брифингте 2022 жылдан бастап қатерлі ісіктерге күдікті пациенттерді тексеру мерзімін қысқартуға мүмкіндік беретін "жасыл дәлізді" енгізу туралы медицина ғылымдарының докторы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас онкологы Диляра Қайдарова баяндады.
"Қатерлі ісік диагнозын қою кезінде пациенттердің диагностикалық қызметтерге қол жетімділігін арттыруға, пациенттің бағыты бойынша мерзімдерді сақтауға көп көңіл бөлінеді. Мәселен, мамандардан кеңес алу және амбулаториялық жағдайда қатерлі ісікке күдікті пациенттерді тексеру "жасыл дәліз" бойынша – жалпы кезектілік пен шектеулерден тыс, он сегіз жұмыс күні ішінде жүргізіледі", - деп атап өтті ҚР ДСМ штаттан тыс онкологы.
Ол онкологияға күдік болған жағдайда - МРТ және КТ тегін жүргізілетінін атап өтті. Осы және басқа да тексерулерге жолдаманы пациент тіркелген емханадан алу қажет.
"Диагноз қою мақсатында қатерлі ісіктерге күдікті пациенттерді тереңдетілген тексеру онкологиялық орталыққа жүгінген сәттен бастап он бес жұмыс күні ішінде, емдеу тактикасын нақтылау және терапияны дербестендіру мақсатында – отыз жұмыс күні ішінде жүргізіледі", - деді Д.Қайдарова.
Айта кететін жайт, онкологиялық науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, диагностикалау және емдеу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде мемлекет тарапынан төленеді.