Жамбурчинова Айнагуль Нурахметовна
Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы
Алдын алу шараларының кешені ретінде профилактика көптеген аурулардың пайда болуына жол бермейді. Бірқатар кеселдерден вакциналау арқылы қорғануға болады. Бұл жағдайдағы ең бастысы – қай кезде қандай екпелерді салу керектігін білу. Екпелердің дүркінділігі, ықтимал жанама әсерлер және екпелерден бас тарту кезіндегі қауіп туралы осы материалдан біле аласыздар.
Ең әуелі белгілі бір тұрғындар тобына (төменде көрсетілген) арналған міндетті екпелердің барлығының жергілікті және республикалық бюджет қаражаты есебінен тегін салынатынын білгеніңіз жөн.
Жұқпалы және паразиттік ауруларға қарсы жоспарлы егу төмендегі тұрғындар тобына жүргізіледі:
Балаларға салынатын екпелер
Егуді қандай да бір жасқа толуына байланысты жүргізу керектігіне қарамастан, емшектегі балаларды егу мерзімін сәбидің төтемелілік жүйесінің ерекшеліктерін ескере отырып, емдеуші дәрігер анықтайды. Бала ағзасының «екпелік аурумен» жеңіл түрде ауырып тұруға, сөйтіп бөгдедене қорғаныс заттарын қалыптастыруға дайын болатын сәтін дөп басудың маңызы зор. Егер де балаға егуді белгіленген мерзімнен бұрын жүргізсе, оның төтемелілік жүйесі дұрыс «жауап бере» алмайды, ал кешіктірсе, осы уақыт ішінде баланың ауырып қалу қаупі бар.
Балаларға арналған екпені отандық және шетелдік вакциналармен жүргізуге болады, бастысы, олар тіркеліп, Емдік дәрі-дәрмектердің, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың ұлттық сараптама орталығының сертификаты берілген болуы тиіс.
Екпені медициналық мекемелердің арнаулы кабинеттерінде жүргізген абзал, өйткені вакциналар сақтаудың белгілі бір ережелерін талап етеді.
Түрліше вакциналардың жанама әсерлері мен асқынулары әр түрлі болып келеді. Қызудың орташа деңгейде көтерілуі, инъекция орнының ауыруы секілді реакциялар айтарлықтай жиі кездеседі. Балалар ұзақ жылап, олардың тәбеті төмендеуі әбден мүмкін. Екпе жүргізілгеннен кейін баланың, айталық, тітір пайда болған жағдайда жылдам медициналық жәрдем алуы үшін, кемінде 30 минуттай бақылауда болғаны дұрыс.
Көкжөтелге, дифтерия мен сіреспеге қарсы егу жүргізгеннен кейін баланың қызуы көтеріліп кетсе, алаңдаудың қажеті жоқ. Бұл дәрінің әсер етіп жатқанын білдіреді.
Егер сәбидің егілу мерзімі асып кеткен болса, құрдастарын ол жалпы ережелер бойынша «қуып жетеді». Мәселен, «В» гепатитіне қарсы екпе салынбағандарға ол былай жасалады: алғашқы шара, бір айдан кейін екіншісі, ал тағы 5 айдан соң – үшіншісі.