Көбінесе сараптама жасап, осы дәрумендерді анықтамай диагноз қойылмайды. Сондықтан тексеруге көрсетілімдер болған жағдайда әрбір сақтандырылған пациент сараптаманы МӘМС есебінен өте алады.
Учаскелік дәрігердің жолдамасы болуы қажет.
В12 ВИТАМИНІ немесе цианокобаламин-жүйке жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі, эритроциттердің түзілуі мен жетілуі үшін қажетті органикалық зат.
В12 витаминінің жетіспеушілігі кейбір жағдайларда асқазан-ішек жолдары мен неврологиялық бұзылуларға әкелуі мүмкін.
С ДӘРУМЕНІ немесе аскорбин қышқылы-маңызды микронутриенттердің бірі, көптеген биохимиялық реакциялар мен қорғаныс механизмдерін реттеуші.
С витаминінің жетіспеушілігі қызыл иектің қан кетуіне және қабынуына, буын ауруына, шаштың түсуіне және құрғақ теріге, көңіл-күйдің күрт өзгеруіне, шаршау мен әлсіздікке әкеледі. Балаларда қаңқаның өсуі бұзылады. Дәруменнің ауыр тапшылығында цинга ауруына қауіп бар.
ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙЛАРДА ӘДЕТТЕ ОСЫ ДӘРУМЕНДЕРГЕ ЗЕРТТЕУ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ?
♦️ В12 тапшылығы анемиясына күдік болған кезде;
♦️ витамин жетіспеушілігінің белгілерінде (шаршау, әлсіздік, инфекцияларға сезімталдық);
♦️ неврологиялық бұзылулар кезінде (В12 витаминіне сараптама);
♦️ қызыл иектің қанауы, жараның нашар жазылуы кезінде (С витаминіне сараптама);
♦️ мальабсорбция синдромында немесе аш ішекте қоректік заттардың сіңірілуінің бұзылуында, созылмалы гастритте;
♦️ вегетариандық, әсіресе кез келген жануарлардан алынатын тағам алынып тасталса (B12);
♦️ мінез-құлықта өзгерістер болған кезде, ең алдымен егде жастағы адамдарда ( шатасу, есте сақтау қабілетінің бұзылуы, назардың болмауы, ашуланшақтық) - В12;
♦️ ағзаның витаминдік жағдайын бағалау үшін.