Жамбурчинова Айнагуль Нурахметовна
Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы
Сүт безі обыры - әйелдер арасында ең көп таралған қатерлі дерт әрі өлім деңгейі де өте жоғары.
Сүт безі обырын анықтайтын скрининг әртүрлі зерттеу әдістерін пайдалана отырып, қатерлі ісікті ауру белгілері пайда болғанға дейін ертерек анықтауға мүмкіндік береді.
Скринингтің мақсаты - белгілері әлі білінбеген обырды ерте анықтау және емдеу.
40 пен 70 жас аралығындағы әйелдер екі жылда бір рет қаралып тұруы тиіс.
Онкоскринингтер қатерлі дерттің алдын алуға мүмкіндік береді, сондықтан тұрақты түрде өтіп отырған абзал.
Скринингтік зерттеулер, пациентті әрі қарай бақылау және емдеу шараларымен амбулаториялық-поликлиникалық көмек көрсететін ұйымдар айналысады, оның ішінде алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем де бар.
Қала тұрғындары, меншіктің қай түрі болмасын, амбулаториялық-поликлиникалық көмек көрсететін ұйымдарға қаралады.
Ауыл тұрғындары, меншіктің қай түрі болмасын, медициналық пунктілерде, фельдшерлік-акушерлік пунктілерде, дәрігерлік амбулаторияларда, аудандық емханаларда, сондай-ақ жылжымалы медициналық кешендерде тексеріледі.
Скринингтік зерттеулер 2020 жылдың 1 қаңтарынан бері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қамтитын қызметтер қатарына кіреді, сонымен қатар ТМККК аясында да жүргізіледі.