Жамбурчинова Айнагуль Нурахметовна
Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы
Сәуірдің екінші жартысынан елорда тұрғындарын коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау басталмақ. Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы медициналық ұйымда вакцинация алу бойынша нұсқаулық ұсынып отыр.
Осыдан кейін медициналық қызметкер бейджді егу кабинетінің медбикесіне және вакцинацияның аяқталуы туралы ақпаратты ақпараттық жүйеге енгізу үшін тапсырады.
Учаскілік дәрігер 3 күн ішінде науқасты қашықтықтан бақылайды. (телефон немесе бейне қоңырау арқылы).
Медбике пациентті алдын-ала вакцинаның екінші дозасын алу үшін 21 күніне шақырады. 21-ші күні пациент вакцинаның 2-ші дозасын алуға келеді.
Сұрақтар мен сауалдар пайда болған жағдайда АМСК ұйымдарында арнайы ұйымдастырылған кол-орталығына хабарласуға болады. Телефон нөмірлері Қалалық денсаулық сақтау басқармасының www.uoz.astana.kz және емханалар сайтында бар.
Иммундау алдында:
1) екпе алатын адамға профилактикалық егу, ықтимал реакциялар, сондай-ақ вакцинациядан бас тартудың салдары туралы толық ақпарат беріледі;
2) ерікті келісім немесе бас тарту жазбаша түрде жазылады;
3) вакцинацияға шолу жасалды.
Әйел адамдарға вакцинация жүргізбес юұрыс оның жүктілігін және бала емізетінін анықтау қажет (күмән туындаған жағдайда жүктілік тесттерін қолдануды ұсыныңыз және / немесе вакцинацияны кейінге қалдырыңыз).
Айта кету керек, елорда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы бойынша «СК-Фармация» ЖШС-нен Басқарманың қоймаларына вакциналар түскен бойда тұрғындарды вакцинациялау дайын. Сондай-ақ, дозалар түскен бойда келу пункттері ұйымдастырылады.
Вакцинация бойынша Call-орталығы: 76-97-84, +7 778 558 3053