Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының 7) тармақшасына және 34-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қоса беріліп отырған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесі бекітілсін.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
«Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің 2008 - 2009 жылдарға арналған тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қыркүйектегі № 853 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 35, 397-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
ҚазақстанРеспубликасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
ҚазақстанРеспубликасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2136 қаулысымен
бекітілген
Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемінің тізімі
1. Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі бюджеттік қаражат есебінен Қазақстан Республикасы азаматтары мен оралмандарға көрсетіледі және тиімділігі дәлелденген профилактикалық, медициналық емдеу қызметтері кіреді.
2. Тегін медициналық көмектің кепілдік көлеміне (бұдан әрі - ТМККК) кіреді:
1) жедел медициналық көмек жәнесанитарлық авиация;
2) амбулаторлық-емханалық көмек кіреді:
3) АМСК мамандарының немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен белгіленген (бұдан әрі – уәкілетті орган) ауруханаға жатқызудың жоспарланған саны (шектеулі көлем) аясында медициналық ұйымдар жолдамасы бойынша, шұғыл көрсеткіштер бойынша стационарлық медициналық көмек;
4) АМСК мамандарының немесе медициналық ұйымдар жолдамасы бойынша стационарды алмастыратын медициналық көмек;
5) қалыпқа келтіру бойынша емдеу және медициналық реабилитация;
6) Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген, халықтың санаттарына арналған паллиативті көмек және медбикелік көмек.
ТМККК тізімі
3.Жедел медициналық көмек формасындағы ТМККК тізіміне кіреді:
1) шұғыл көрсеткіштер бойынша медициналық көмек көрсету және дәрілер формулярына сәйкес дәрілермен қамтамасыз ету;
2) медициналық көрсеткіштер бойынша науқастарды медициналық ұйымдарға жеткізу;
3) бұқаралық іс – шараларды медициналық қамтамасыз ету.
4. Санитарлық авиация формасындағы ТМККК тізіміне кіреді:
1) медициналық жабдықтың жоқтығынан немесе науқастың орналасқан жері бойынша медициналық ұйымда тиісті біліктілігі бар маманның болмауынан медициналық көмек көрсету мүмкіндігі болмаған жағдайда халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету;
2) әртүрлі көлік түрлерімен тиісті біліктілігі бар маманды қажет жерге жеткізу немесе науқасты тиісті медициналық ұйымға тасымалдау.
5. Амбулаториялық – емханалық көмек формасындағы ТМККК азаматтарға АМСК, КДК түрінде беріледі және кіреді:
6. Жоғары мамандандырылған және жаңа технологиялар пайдаланылатын медициналық көмек денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) бекітетін тізбеге сәйкес амбулаториялық-емханалық ұйым (бұдан әрі – АЕҰ) маманының жолдамасы бойынша көрсетіледі.
7. ТМККК шеңберіндегі стационарлық көмек уәкілетті орган белгілеген стандарт палаталарда қосымша сервистік қызметтер (теледидар, телефон, тапсырыс бойынша тамақ және т.б.) ұсынусыз жүзеге асырылады.
8. Стационарлық көмек түрінде көрсетілетін ТМККК уәкілеттік орган бекітетін түрлер мен көлемдерге сәйкес:
1) мамандардың, оның ішінде телемедициналық коммуникацияларды пайдалана отырып, тексеріп-қарауын, консультация беруін;
2) денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкес зертханалық және аспаптық зерттеулерді;
3) медициналық қызметтерді (ақылы қызметтерді қоспағанда), медициналық айғақтар бойынша дәрілік формулярларға сәйкес дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді;
4) медициналық айғақтар бойынша қан және оның компоненттері препараттарымен қамтамасыз етуді;
5) үш жасқа дейінгі, сондай-ақ дәрігерлердің қорытындысы бойынша қосымша күтіп-бағуға мұқтаж ересек, науқасы ауыр балаларды күтіп-бағуды тікелей жүзеге асыратын анасына (әкесіне) немесе өзге адамға еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ бере отырып, онымен медициналық ұйымда бірге болу мүмкіндігін жасауды;
6) бір жасқа дейінгі баланы емізетін ана баланы күтіп-бағу үшін медициналық ұйымда болған барлық кезеңде тегін тамақпен қамтамасыз етуді;
7) балалар және азаматтардың әлеуметтік тұрғыдан осал санаттары үшін кеш оңалтуды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес ерте және жалғастырылатын медициналық оңалтуды;
8) балалар стационарлық медициналық ұйымдарында ойнау, демалу және тәрбие жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасауды;
9) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген халық санаты үшін паллиативтік көмек және мейіргер күтімін қамтиды.
9. ТМККК шеңберінде стационарды алмастыратын медициналық көмек:
1) мамандардың тексеріп-қарауын, консультация беруін;
2) медициналық қызметтерді (ақылы қызметтерді қоспағанда), медициналық айғақтар бойынша дәрілік формулярларға сәйкес дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді;
3) стандарттарға сәйкес физио ем-шараны және емдік дене шынықтыруды қоса алғанда, айғақтар бойынша азаматтардың барлық санаттары үшін ерте және жалғастырылатын медициналық оңалтуды қамтиды.
10. ТМККК шеңберінде патологоанатомиялық бюроның (бөлімнің) қызметтері:
1) паталогоанатомиялық ашуды;
2) операциялық және биопсиялық материалдарды гистологиялық зерттеуді;
3) цитологиялық зерттеулерді қамтиды
11. ТМККК тізбесінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және айғақтар болған кезде Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде емдеу қамтылады.
12. ТМККК көрсету үшін дәрілік заттармен қамтамасыз ету медициналық ұйымдар бекіткен және белгіленген тәртіппен уәкілетті органмен келісілген дәрілік формулярларға сәйкес:
1) жедел/кезек күттірмейтін/шұғыл медициналық жәрдемді;
2) эпидемиялық айғақтары бойынша жұқтыру қаупі кезінде антирабикалық көмекті;
3) айғақтар бойынша санитариялық-профилактикалық және санитариялық-эпидемияға қарсы көмекті;
4) иммунопрофилактиканы/вакцинациялауды;
5) стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде жүзеге асырылады.
13. ТМККК шеңберінде амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету уәкілетті орган бекіткен айғақтар және МСАК маманының рецептісі бойынша белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.
14. ТМККК шеңберіндегі медициналық көмек кіші инвазивтік технологияларды пайдалана отырып, емдік-диагностикалық қызметтерді де қамтиды.