Дүниежүзілік иммундау апталығы

Сәуірдің соңғы аптасында жыл сайын Дүниежүзілік иммундау апталығы атап өтіледі, оған барлық континенттердегі 180-ден астам ел қолдау көрсетеді. Вакцинациялау бүкіл әлемде инфекциялармен күресудің ең тиімді, үнемді және қолжетімді құралы ретінде танылды.

Жыл сайынғы иммундау апталығының мақсаты халықтың назарын аудару және иммунопрофилактиканың адамдардың денсаулығы мен әл-ауқаты үшін маңызы туралы хабардар ету.

Иммундау қазіргі уақытта қолданылып жүрген медициналық араласудың ең тиімді және үнемді шараларының бірі болып табылады. Халықтың эпидемиялық саламаттылығын қамтамасыз ету үшін халықты жоспарлы иммундаумен қамту деңгейі кемінде 95% -ды құрауы тиіс.

Иммундау - бұл әмбебап әдіс және балаларға дені сау өмірге енуге мүмкіндік береді. Жыл сайын иммундау дифтерия, сіреспе, көкжөтел, қызылша, паротит, қызамықтан болатын 2-3 миллион өлімнің алдын алуға мүмкіндік беретінін есте ұстаған жөн.

Иммундау - бұл өзінің тиімділігін дәлелдеген, денсаулық сақтаудың үнемді шарасы, миллиондаған балалардың өмірін сақтайды және миллиондаған адамдарды аурулар мен мүгедектіктен қорғайды.

Жаппай вакцинациялау жүргізу ұлт денсаулығын сақтаудың қажетті шарты болып табылады. Иммундаудың маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыру арқылы Дүниежүзілік иммундау апталығы шеңберінде жүзеге асырылатын іс-шаралар вакцинациялаумен қамтуды арттыруға бағытталған және сайып келгенде, вакциналар арқылы алдын алуға болатын кез келген аурудың таралуына жол бермейді.

Тіркеу телефоны:

☎️ 87172266414

☎️ 87172266415

☎️ 87716101002