Жыл сайын 24 наурызда Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні атап өтіледі. Дәл осы күні 1882 ж. 24 наурызда неміс микробиологы Роберт Кох осы қауіпті аурудың қоздырғышы – туберкулез микобактериясының табылғанын жариялады, бұл осы ауруды диагностикалау мен емдеуде анағұрлым ілгерілеуге мүмкіндік берді.
Туберкулездің негізгі белгілері:
• Тез шаршау және жалпы әлсіздік пайда болуы.
• Тәбеттің төмендеуі немесе мүлдем болмауы, салмақ тастау.
• Қатты терлеу, әсіресе таңертең және негізінен дененің жоғарғы бөлігі терлеуі.
• Аз ғана физикалық күш жұмсағанда ентігу.
• Дене температурасының 37,2-37, 8°C дейін шамалы көтерілуі.
• Ұзаққа созылған, емге көнбейтін жөтел немесе қақырықты жөтел.
Алдын алу:
• Бала туылғанда БЦЖ вакцинациясын салдыру, туберкулез микобактерияларына спецификалық антиденелердің болуына тест тапсыру (Манту сынамасы), химиопрофилактика.
• Жыл сайын диспансерлік бақылану және ауруды ерте сатысында анықтау (жылына кемінде 1 рет флюорографиядан өту)
• Салауатты өмір салтын ұстану.
• Жеке және қоғамдық гигиена қағидаларын сақтау.