Ақпараттық-түсіндіру сипаттағы кеңес

05.03.2025 жылы № 15 қалалық емхананың директоры мемлекеттік медициналық көмектің бірыңғай пакетін іске асыру бойынша емхана қызметкерлерінің арасында ақпараттық-түсіндіру сипаттағы кеңес өткізді.

ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 7 ақпандағы кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы мемлекет кепілдік берген базалық бөлімді және жұмыс берушілер мен азаматтардың аударымдары есебінен қалыптастырылатын сақтандыру бөлігін қамтитын медициналық көмектің бірыңғай пакетін жасауды тапсырды.

Бірыңғай медициналық көмек пакеті-бұл кепілдендірілген және сақтандыру қызметтері арасындағы қайталануды болдырмайтын медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттырудың нақты қадамы. Медициналық көмек неғұрлым құрылымды және түсінікті болады, әрбір қазақстандық өзінің сақтандыру пакетіне не кіретінін және қажетті медициналық қызметтерді қалай ала алатынын білетін болады.

Бүгінгі таңда Қазақстанның 3 миллионға жуық азаматы сақтандырылмаған, бұл медициналық қызмет алуға кедергі келтіретін себептердің бірі болып табылады.