Жамбурчинова Айнагуль Нурахметовна
Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы
Соңғы жылдары "жалаңаш тобықтар" сән трендісіне айналды. Ауа-райына назар аудармай, әр түрлі жастағы адамдар өздерінің толарсақтарын көрсетеді, кейде шұлық киюді "ұмытып" кетеді.
Шалбардың қысқартылған модельдерінің сәні бізге Батыс Еуропадан келді. Алайда, біздің елімізде климаттық жағдайлар анағұрлым қатал, сондықтан мұндай киім бізге әрқашан қолайлы бола бермейді.
* Зақымданған бөлікте сезгіштігінің жоғалуы;
* Шаншу немесе ашу сезімі;
* Терінің бозаруы (1 дәрежелі үсу);
* Күлдіректер (2 дәрежелі үсу);
* Қара көк түске еніп, өлектіктік белгілері пайда болады (үсудің 3 дәрежесі).
Үсік шалған кездегі алғашқы жәрдем:
* Шұғыл түрде жылы бөлмеге орналасыңыз (суықта зардап шеккен жерді уқалау қауіпті), суық киімді шешіңіз.
* Дененің зардап шеккен бөлігіне жылытатын таңғышты қойыңыз. Мысалы, дәке қабаты, қалың мақта қабаты, қайтадан дәке қабаты, клеенка немесе резеңкеленген мата. Барлық таңғышты жүн матасына ораңыз.
* Дененің зардап шеккен бөлігін ваннамен жылытуға болады, судың температурасын ақырындап 20-дан 40 градусқа дейін көтеріп, 40 минут ішінде зардап шеккен жерді нәзік уқалаңыз.
* Жылы, құрғақ көрпеге ораңыз. Жылы және тәтті шай ішіңіз.
Маскаларды қолдану респираторлық вирустық аурулардың, соның ішінде COVID-19 таралуын шектейтін алдын-алу шараларының кешенді пакетінің бөлігі болып табылады.
Медициналық емес маскалар (мата маскасы деп те аталады) вирустың тасымалдаушыдан басқа адамдарға таралуына жол бермей, тосқауыл бола алады. ДДҰ тек қана мата маскаларын қолдану, тиісті қорғау деңгейін қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз екенін айтады. Маска киюден басқа, қоршауыңыздағы адамдармен кемінде 1,5 метр қашықтықты сақтау керек, қолды жиі жуу немесе дезинфекциялау керек, қолыңызды бетке немесе маскаға тигізбеу керек.