Жамбурчинова Айнагуль Нурахметовна
Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы
Вакцинация вакцинаға бағынатын инфекцияға қарсы күресте тиімді, үнемді және қолжетімді жалғыз құрал. Вакцинацияның баламасы - оқшаулану және карантин, біз бұған коронавирус инфекциясымен күресте жақсы көз жеткіздік.
Вакцинация нәтижесінде инфекциядан тиімді қорғайтын және індет жұқтыру, сырқаттану қаупін төмендететін нақты иммундық реакция пайда болады.
Жаппай иммундау нәтижесінде соңғы 20 жылда Қазақстанда мына аурулардың деңгейі төмендеді:
- қызылша - 56 еседен астам;
- эпидемиялық паротит - 119 еседен астам;
- «В» вирустық гепатиті тұрғындар арасында 34.7есе, ал осы инфекцияға қарсы егілген балалар арасында 262 есе (ВВГ-ға қарсы вакцинация 1998 жылдан бастап енгізілді);
- көкжөтелге шалдыққандар саны тұрақты түрде төмен, дифтерия, сіреспенің жекелеген жағдайы кездеседі.