Жамбурчинова Айнагуль Нурахметовна
Тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы
Жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын тұлғалар үшін 2020 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған жарна ең төменгі жалақының 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ы мөлшерінде белгіленді, бұл салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұрған немесе салық заңнамасына сәйкес әрекетсіз деп танылған ЖК-ді қоспағанда, кез келген ЖК үшін айына 2 975 теңгені құрайды.
Салық заңнамасына сәйкес салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұрған немесе әрекетсіз деп танылған жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын тұлғалар үшін 2020 жылдан бастап, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарна төлеу бойынша міндеттеме жеке тұлғалар үшін — ең төменгі жалақының 5% мөлшерінде (2 125 теңге) пайда болады.
Егер жеке кәсіпкер нөлдік декларацияны тапсырса, онда ол бәрібір өзі үшін жарналарды төлеуге міндетті, өйткені мемлекеттік кіріс органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұр.